Футболдан Люксембург құрамасының ойыншысы Жерсон Родригес шартты түрде 18 айға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

26 наурызда футболдан Қазақстан құрамасы Люксембургке қарсы жолдастық кездесу өткізіп, 2:1 есебімен жеңілген еді. Бұл ойынның 24-минутында Люксембург құрамасынан Жерсон Родригес гол салды. Осы матчтан кейін Родригеске сот үкімі шыққан.

RTL Today порталының мәліметінше, 28 жастағы футболшы бұрынғы сүйіктісі, "Мисс Люксембург-2020" байқауының жеңімпазы Эмили Боландқа зорлық көрсетті деп айыпталған.

Сол үшін ол шартты түрде 18 айға бас бостандығынан айырылып, 1500 еуро айыппұл төлейді. Сондай-ақ Родригес зардап шегушіге 2430 еуро өтемақы төлеуге міндеттелді.