Қазақстан құрамасының форварды Абат Аймбетов жақын арада Түркияның «Адана Демирспор» клубымен келісімшартқа қол қояды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Абат соңғы бірнеше маусымды «Астанада» өткізді. Еуро-2024 іріктеу ойындарында ұлттық құрама сапында үш голмен ерекшеленді.

«Адана Демирспор» қазіргі уақытта Түркия чемпионатының жоғарғы дивизионында сегізінші орында жайғасып тұр.