Қазақстанның ерлер құрамасы қылыштасудан Мысыр астанасы Каирде өтетін Әлем кубогы кезеңіне қатысады, деп хабарлайды Sport Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Халықаралық жарыста ел намысын төмендегі спортшылар қорғайды:
— Бексұлтан Әбжал
— Қуаныш Ерғашбай
— Жанат Нәбиев
— Қайназар Нұрқатұлы
— Нұрсат Айтмырза
— Артем Саркисян
— Сұлтан Станбек
— Нұрмұхаммед Жайлыбай
— Артур Чупраков
— Назарбай Саттархан
Әлем кубогының кезеңі 22-23 мамыр күндері өтеді.
Айта кетейік, Нұрмұхаммед Жайлыбай биыл сәуір айында Бразилияда өткен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында қола жүлдеге ие болған еді.
