Қазақстан құрамасы таеквондодан Ташкентте (Өзбекстан) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында алғашқы жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Қола медальді Ерасыл Ерзат жеңіп алды.

Ол 48 келіге дейінгі салмақта жартылай финалға дейін жетті. Бұл кезеңде Аль-Юсуфи Фахадқа жол беріп, жарысты үшінші орынмен аяқтады.

Айта кетейік, жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты 17 сәуірге дейін жалғасады.