Қазақстан құрамасы тректегі велоспорттан Германияның Людвигсхафен қаласында өтіп жатқан беделді халықаралық жарыста екі медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Отандастарымыз омниум дисциплинасында жеңіс тұғырынан көрінді.

Илья Карабутов күміс жүлдеге ие болса, Максим Хорошавин қола жүлдегер атанды. 

Бұл бәсекеде Германия өкілі Мориц Аугенштейн алтын медаль жеңіп алды.