17 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы 2026/27 жылғы Еуропа чемпионатының алғашқы іріктеу кезеңіне қатысады. 14-топтың ойындары 14-17 қараша аралығында Грузияда өтеді, деп хабарлайды Sport+ ҚФФ ресми сайтына сілтеме жасап.

Жеребе қорытындысы бойынша отандық жасөспірімдер Аустрия және Грузия құрамаларымен шеберлік байқасады.

Халықаралық турнир аясында жерлестеріміз екі кездесу өткізеді: 14 қарашада Аустрия құрамасына қарсы алаңға шықса, 17 қарашада турнир қожайындары — Грузия командасымен күш сынасады.

УЕФА-ның жаңартылған іріктеу форматына сәйкес, бастапқы раундта өз тобында үздік шыққан екі ұжым екінші кезеңнің А лигасына өтеді. Олар 2027 жылдың көктемінде Латвияда өтетін Еуропа чемпионатының финалдық бәсекесіне берілетін жолдамаларды сарапқа салады. Ал топта 3-ші орын алған командалар жарысты B лигасының екінші раундында жалғастырады.

Қазақстан U-17 құрамасының оқу-жаттығу жиынына шақырылған футболшылар тізімі:

Қақпашылар: Абай Заманбек, Евгений Кравцов (екеуі де — ҚФФ Академиясы), Матвей Ковальчук («Қайрат»), Байжан Асхат («Шахтер»);

Қорғаушылар: Әлихан Әбди, Кирилл Плачинда, Георгий Гречка, Ислам Рашидов, Ильдар Датхабаев (барлығы — «Қайрат»), Абылай Тоқтасын («Шахтер»), Данияр Қаси, Михаил Турищев (екеуі де — ҚФФ Академиясы), Никита Лисохмар («Тобыл»), Бекнұр Талғатов («Тараз»);

Жартылай қорғаушылар: Дарын Ибаділдә, Нұрали Салимов, Әлижан Зару, Әлихан Ахилбаев, Тамерлан Сарсымбаев (барлығы — «Қайрат»), Әли Садырбаев, Тимур Казанцев (екеуі де — «Шахтер»), Давид Заречный, Артем Шалыгин (екеуі де — ҚФФ Академиясы), Салим Хасанов («Вильярреал», Испания), Малик Саитов («Рамзан» академиясы, Ресей);

Шабуылшылар: Ибрахим Асан, Нұрхад Нұрымов, Роман Черноморец (барлығы — «Қайрат»), Әнуар Төленді («Астана»).