17 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Әзербайжанға қарсы өткен жолдастық кездесуде сенімді жеңіске жетті, деп хабарлайды Sport+ ҚФФ сайтына сілтеме жасап. 

Русланжан Раимбакиевтің шәкірттері Ғабала қаласындағы алғашқы жолдастық матчты 5:2 есебімен өз пайдасына аяқтады. Біздің команда құрамында Роман Черноморец, Тамерлан Сарсымбаев, Бекасыл Қанат және дубль авторы атанған Әнуар Төленді мергендік танытты.

Әзербайжан және Қазақстан U-17 құрамалары арасындағы екінші кездесу 9 маусым күні өтеді.

Әзербайжан U-17 – Қазақстан U-17 – 2:5

Голдар: Черноморец, Сәрсембаев, Қанат, Төленді (дубль).

Қазақстан U-17: Заманбек (Қ), Датхабаев, Әбди (К), Рашидов, Гречка, Садырбаев, Зәру, Хасанов, Сұлтанов, Сарсымбаев, Черноморец;

Қосалқы құрам: Ковальчук (Қ), Асхат (Қ), Турищев, Қаси, Салимов, Төленді, Қалмаханбек, Абжапар, Асан, Қанат, Дұтпаев, Аман;

Аға бапкер: Русланжан Раимбакиев.

06.06.2026. Габала, Әзербайжан.