Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы 2026 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Бельгия, Уэльс, Солтүстік Македония және Лихтенштейн командаларымен бірге J тобына түсті.
Қазақстан құрамасының ойын кестесі (Қазақстан уақыты бойынша):

22/23.03.2025 | 00:45

Уэльс – Қазақстан

25/26.03.2025 | 00:45

Лихтенштейн – Қазақстан        

09.06.2025 | 19:00

Қазақстан – Солтүстік Македония

04.09.2025 | 19:00

Қазақстан – Уэльс

07.09.2025 | 23:45

Бельгия – Қазақстан

10.10.2025 | 19:00

Қазақстан – Лихтенштейн

13.10.2025 | 23:45

Солтүстік Македония – Қазақстан

15.11.2025 | 19:00

Қазақстан – Бельгия

Естеріңізге сала кетейік, 2026 жылғы Әлем чемпионатына УЕФА-дан 16 құрама жолдама алады. Финалдық кезеңге 12 топтың жеңімпазы тікелей шықса, қалған төрт жолдама үшін топта екінші орын алған және Ұлттар лигасы арқылы іріктеуге шыққан төрт команда таласады.