Қазақстан ерлер құрамасы волейболдан Пәкістанның Исламабад қаласында өтіп жатқан Орталық Азияның ашық чемпионатында жарыс жолын аяқтады, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан құрамасы турнир барысында Непал командасын жеңсе, Өзбекстан, Бангладеш, Шри-Ланка, Пәкістанға жол берді.

Нәтижесінде отандастарымыз 5-6 орындар үшін өткен матчта Непал құрамасын 3:0 (25:18, 27:25, 25:20) есебімен жеңді.

Осылайша Қазақстан құрамасы жарысты бесінші орынмен аяқтады.