Филиппиннің Кандон қаласында өтіп жатқан AVC Ұлттар кубогында Қазақстан әйелдер құрамасы жартылай финалға жолдама алды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Топтық кезеңдегі соңғы матчта қазақстандық волейболшылар Вьетнам құрамасын 3:2 есебімен жеңді.

Осылайша, Қазақстан В тобындағы барлық кездесуде жеңіске жетіп, турнирдің жартылай финалына бірінші орынмен шықты.

Жартылай финалда ұлттық құрама А тобында екінші орын алған командамен кездеседі.