Минск қаласында жасөспірімдер құрамалары арасында «Даму кубогы» турнирі басталды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Қазақстан 17 жасқа дейінгі құрамасы алғашқы матчын Ресеймен U17 өткізді. Матч ресейліктердің пайдасына 3:1 есебімен аяқталды. Қазақстандық команданың жалғыз голының авторы Дастан Сәтбаев атанды.

Келесі ойын жарыстың қожайындары Беларусь U17 командасына қарсы өтеді. Аталмыш кездесу 20-ақпанда жоспарланған.