Футболдан Қазақстан жастар құрамасы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңінде Шотландия құрамасына есе жіберді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Бірінші таймда Шотландия қомандасының футболшылары жауапсыз үш гол соқты. 19-минутта итальяндық «Сассуолоның» қорғаушысы Джош Дойг ерекшеленсе, бес минуттан кейін Лайал Кэмерон дәл соққысымен есепті еселеді. 38-минутта алаң иелері пенальтиден гол соқты – нәтижелі соққының авторы Томми Конвей атанды.
Екінші таймда Шотландия қарқынын түсірмеді: Льюис Фиорини төртінші гол соқты. 68-минутта Қазақстан пенальти тепті. Дәл соққыны алматылық «Қайраттың» шабуылшысы Ян Труфанов жасады. Қорытынды есеп - 4:1.
Осы жеңістен кейін Шотландия 13 ұпай жинап, біздің топтағы екінші орынды сақтап қалды. Топтың көшбасшысы Испания құрамасы, олардың еншісенді 13 ұпай бар. Қазақстан құрамасы үш ұпаймен топта бесінші орынды сақтауда.
