21 жасқа дейінгі Қазақстан жастар құрамасы маусым айында Беларусь құрамасына қарсы екі халықаралық жолдастық матч өткізеді, деп хабарлайды Sport+ ҚФФ сайтына сілтеме жасап.

Ойындар Беларусьте өтеді. Алғашқы матч 5 маусым күні Барановичи қаласындағы стадионда өтеді. Ойын Астана уақытымен 19:00–де басталады. Екінші кездесу 8 маусымда Минск қаласындағы «Трактор» стадионында өтеді. Матчтың басталуы — 20:00.

Қазақстан жастар 30 мамырда Талғар қаласында оқу-жаттығу жиынына жиналады. 

Тізімге 25 ойыншы енді:

Қақпашылар: Дулат Талыспаев («Кеге», Дания), Шерхан Қалмырза («Қайрат»), Мирас Рихард («Ертіс»).

Қорғаушылар: Сұлтан Асқаров («Қайсар»), Әли Тұрғанов («Ордабасы»), Әмірбек Базарбаев, Данияр Ташпулатов (екеуі де — «Қайрат»), Санжар Әнуаров («Астана»), Сергей Иванов («Алтай»), Сағи Мәлікайдар («Ұлытау»), Рамазан Кәрімов («Ертіс»).

Жартылай қорғаушылар: Мирас Оматай, Тамерлан Ағиманов, Нұрдәулет Байбосынов (үшеуі де — «Ертіс»), Шыңғыс Дүйсенбек, Мұхамедәлі Әбіш, Олжас Байбек, Азамат Тұяқбаев (бәрі — «Қайрат»), Димаш Серікұлы («Қайсар»), Сэйф Попов («Алтай»), Жансұлтан Мұхаметханов («Оқжетпес»).

Шабуылшылар: Рамазан Бағдат («Қайрат»), Ян Труфанов («Атырау»), Артем Литош («Шахтер»), Мансұр Бірқұрманов («Жетісу»).

Бапкерлер штабы: Владимир Чебурин — аға бапкер, Дмитрий Карпов — аға бапкердің көмекшісі, Сергей Лабодовский — аға бапкердің көмекшісі, Валерий Ситало — қақпашылар бапкері, Рустам Усманов — дене даярлығы бапкері, Біржан Хабит — сарапшы бапкер.