16–18 қазан аралығында Алматы әлемдік жасөспірімдер паделінің орталығына айналады, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстанда алғаш рет Халықаралық падел федерациясының (FIP) қолдауымен FIP Promises халықаралық сериясының турнирі өтеді.

Бұл қазақстандық жас спортшылар үшін кезекті жарыс қана емес, маңызды мүмкіндік. Отандық жасөспірімдер алғаш рет өз алаңында чемпиондық атаққа таласып, алыс-жақын шетелдерден келген мықты қарсыластармен кездесіп, өз шеберліктерін сынай алады.

FIP Promises — жасөспірімдер паделін дамытуға бағытталған халықаралық турнирлер сериясы. Мұндай жарыстар жас спортшылардың тәжірибе жинақтауына, халықаралық деңгейдегі бәсекеге бейімделуіне және өз елінен тыс жерлерде танылуына мүмкіндік береді.

Аталған серияның Қазақстанда алғаш рет ұйымдастырылуы отандық падел спортының дамуы үшін маңызды оқиға болмақ.

Турнир Алматы қаласындағы ADD Padel & Table Tennis Center спорт кешенінде өтеді.