Қазақстан ұлдар құрамасы Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан 2025 жылғы жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында өнер көрсетуін жалғастыруда.

B тобындағы кезекті ойында отандастарымыз Біріккен Араб Әмірлігімен кездесті.

Кездесу тартысқа толы өтті. Алайда бұл жолы қарсылас құрама басымдық танытты.

Ойын 35:27 есебімен қарсыластардың пайдасына аяқталды.