Парижде (Франция) жеңіл атлетикадан «Гаухар лигасының» кезеңі өтті. Қазақстандық атлет Дэйзи Джепкемей үздік ондыққа кірді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Кедергілері бар 3000 метр қашықтықта жарыс жолына шыққан Дэйзи 9:21.75 уақытта мәре сызығын кесті. Нәтижесінде ол сегізінші орында.  

Яви Винфред Мутиле (Бахрейн) — 9:03.68 жеңімпаз атанды. Элис Фино (Франция) — 9:05.01 екінші орында. Элизабет Берд (Ұлыбритания) — 9:09.07 үздіктер үштігін түйіндеді.

Айта кетерлік жәйт. Джепкемей бұған дейін Олимпиада жолдамасын иеленген еді. Ол 10000 және кедергісі бар 3000 метрде жүлдеге таласады.