Шымкенттік «Ордабасы» футбол клубында кадрлық өзгеріс орын алды. Клубтың жаңа спорт директоры қызметіне Қазақстан құрамасының бұрыңғы шабуылшысы Таңат Нөсербаев тағайындалды, деп хабарлайды Sport+.

Бұған дейін бұл лауазымды атқарып келген Қайрат Әшірбеков клуб жүйесінде жұмысын жалғастырады. «Ордабасы» футбол клубы Қайрат Әшірбековке сіңірген еңбегі үшін алғыс білдіріп, жаңа қызметінде табыс тіледі.