25 наурыз күні Марокконың Танжер қаласында стенд атудан Әлем кубогының кезеңі басталады. Бұл жарыста 43 елден 281 мерген жүлде үшін таласқа түседі, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Ал Қазақстан сапынан бұл турнирге 13 мерген қатыспақ:
— Әлішер Айсалбаев
— Максим Бедарев
— Элеонора Ибрагимова
— Ольга Хайлова
— Александр Мухамедиев
— Әсем Орынбай
— Илья Пеньков
— Зоя Кравченко
— Марк Почивалов
— Анастасия Прилепина
— Әдел Садақбаева
— Наргиза Сарманова
— Артем Седельников
