Қазақстан ерлер құрамасы қылыштасудан Италияның Падуя қаласында өтетін Әлем кубогының кезеңіне қатысады, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Құрама сапына жеті спортшы енді.

Ел намысын Артем Саркисян, Бексұлтан Абжал, Қуаныш Ерғашбай, Жанат Нәбиев, Қайназар Нұрқатұлы, Назарбай Саттархан, Нұрмұхаммед Жайлыбай қорғайды.

Әлем кубогының кезеңі 17-19 сәуір аралығында өтеді.

Айта кетейік, 2023 жылы Падуяда өткен осы жарыста Артем Саркисян күміс медаль жеңіп алған.