Қазіргі таңда Джакартада (Индонезия) семсерлесуден кадеттер мен жасөспірімдер арасында Азия чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Кадеттер арасындағы жарыста Қазақстан құрамасы екі қола медаль жеңіп алды.

Айбар Қайым қылыштасудан үшінші орын алды.

Сондай-ақ семсерлесуден қыздар арасындағы командалық жарыста Қазақстан құрамасы қола жүлдегер атанды.

Ел намысын Дарья Самоделкина, Сабина Серикова, Полина Лесовская және Арина Наместникова қорғады.