Қазақстандық спортшы Жанна Мамажанова Францияда өткен La PROM Hyeres турнирінде алғашқы ондыққа енді, деп хабарлайды Sport+.

10 километрлік жүгіруде ол 34:48 нәтижесімен тоғызыншы орын алды.

Бұл жарыста жүлделі орындарды француз спортшылары бөлісті.