Үстел теннисінен Қазақстан құрамасының спортшысы Алан Құрманғалиев Тунисте өтіп жатқан WTT Youth Contender турнирінің жартылай финалына өте алмады, деп хабарлайды Sport+.

1/8 финалда қазақстандық спортшы поляк Артур Громекті 3:0 есебімен жеңген болатын.

Алайда ширек финалда франциялық Томас Лароштан 0:3 есебімен жеңіліп қалды. Осылайша, Алан жекелей сайыстағы өнерін ширек финалда аяқтады.

Айта кетейік, қазақстандық спортшы 19 жасқа дейінгі спортшылар арасында өткен жарыстарға қатысты.