Қазақстандық спортшы Данияр Шаяхметов жасөспірімдер арасындағы велотректен әлем чемпионатында күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Шаяхметов кейрин дисциплинасында жарысқа түсіп, финалда жеңімпаздан +0,026 секундқа артта қалып, екінші орынды иеленді.
Айта кетейік, жасөспірімдер арасындағы велотректен әлем чемпионаты Қытайдың Лоян қаласында өтуде. Турнир 21 тамызда басталып, 25 тамызға дейін жалғасады.
