Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында Қазақстан қыздар құрамасы жағажай волейболынан үшінші орынды иеленді, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Үшінші орын үшін өткен матчта Гаяна Галаш пен Мерей Қожахмет Малайзия құрамасына қарсы ойнады.
Қазақстандықтар қарсыластарын 2:1 (19:21, 22:20, 15:12) есебімен жеңді.
Айта кетейік, 26 қазанда ерлер құрамасы жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарының алтын медалі үшін бақ сынайды.
