Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында Қазақстан ұлдар және қыздар құрамасы жағажай волейболынан жартылай финалға жолдама алды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Ұлттық құрама ширек финалда Қатарды 2:1 есебімен жеңді.

Жартылай финалда Әлихан Ағабек пен Оразалы Сағыныш Индонезия құрамасына қарсы ойнайды.

Ал Гаяна Галаш және Мерей Қожахмет Мальдив құрамасын 2:0 есебімен жеңді. Жартылай финалдағы қарсыластары кейінірек анықталады.

Кездесулер 25 қазанда өтеді.