Швецияның Стокгольм қаласында «Гаухар лигасы» кезеңі аяқталып, қазақстандық Ольга Сафронова сынға түсті, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan. 

Сафронова 100 метрге жарысудан бақ сынады. Финалда ол 11.65 нәтижесін көрсетіп, қорытынды есепте 8-орынға тұрақтады. 

Бұл бәсекеде гамбиялық Джина Мариам Басс (11.15) жеңіске жетті.  Күмісті Мари-Джози Та Лу (Кот-д’Ивуар) , қоланы Бриттани Браун (АҚШ) иеленді.