Таиландтың Бангкок қаласында жас ерекшеліктері бойынша су спорты түрлерінен Азия чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап. 

Қазақстан құрамасының жүзгіштері жарысты алты алтын, жеті күміс және үш қола медальмен аяқтады.

Алтын медаль иегерлері:

— Александр Румынский — 100 метрге шалқалап жүзу;

— Даниил Чужинов — 200 метрге кешенді жүзу;

— 4×100 метрге жүзуден аралас эстафета, А тобы;

— Александр Румынский — 200 метрге шалқалап жүзу;

— Анатолий Руденко — 100 метрге брасс әдісімен жүзу;

— Анатолий Руденко — 50 метрге брасс әдісімен жүзу.

Күміс жүлдегерлер:

— Александр Миронычев — 50 метрге баттерфляй әдісімен жүзу;

— Дарья Чеснокова — 50 метрге шалқалап жүзу;

— Федор Диденко — 800 метрге еркін стильмен жүзу;

— 4×100 метрге жүзуден аралас эстафета, B тобы;

— 4×200 метрге еркін стильмен жүзу эстафетасы, А тобы;

— Александр Миронычев — 50 метрге еркін стильмен жүзу;

— 4×100 метрге жүзуден аралас эстафета, А тобы.

Қола жүлдегерлер:

— Федор Диденко — 400 метрге еркін стильмен жүзу;

— 4×100 метрге еркін стильмен жүзу эстафетасы, А тобы;

— Даниил Чужинов — 400 метрге кешенді жүзу.

Айта кетейік, құрлық біріншілігінде жасөспірімдер мен жастар санатындағы спортшылар бақ сынауда.