20 наурызда Шымкентте Наурыз мерекесі қарсаңында бәйге бойынша OLIMPBET Қазақстан чемпионатының алғашқы кезеңі өтеді.  

Кезең төрт жарыстан тұрады: Құнан бәйге, Топ бәйге, Аламан бәйге, Ұшқыр бәйге.  

Барлық жарыстардың жалпы жүлде қоры — 22 700 000 теңге.  

Жарыстардың басталуы сағат 12:00–де. Шымкенттегі ипподромнан тікелей трансляция Sport+ телеарнасында, sportplustv.kz сайтында және YouTube-тегі sportplustv_qaz арнасында қолжетімді болады.