Отырыс қорытындысы бойынша ҚФФ Сайлау комитеті ҚФФ мүшелері ұсынған Қазақстан футбол федерациясы президенттігіне үміткерлерді тіркеу туралы шешім қабылдады.
Осылайша, ҚФФ президенттігіне тіркелген үміткерлердің алдын ала тізімі келесідей:
Даумов Алтай Алмасұлы, «Алматы облысының футбол қауымдастығы» ЗТБ атынан;
Жамантаев Ерлан Айтпайұлы, «Жеке футбол мектептері мен академияларының республикалық лигасы» ЗТБ атынан;
Қайыров Ербол Қыдырбекұлы, «Ақмола облысының футбол қауымдастығы» ЗТБ атынан;
Лория Давид Григорьевич, «Қарағанды облысының футбол қауымдастығы» ЗТБ атынан;
Мағау Наргис Ерланқызы, «Para Football League» ҚБ атынан;
Омаров Марат Талғатұлы, «Астана қаласының футбол федерациясы» қауымдастығы ЗТБ атынан.
Барлығы ҚФФ мүшелерінен 6 үміткер ұсынылды.
