Қазақстандық төрешілер Қырғыз Республикасының Суперкубогында қызмет атқарады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan Қазақстан футбол федерациясының мәліметі бойынша.

20 қазан күні Бішкекте өтетін «Абдыш-Ата» және «Мурас Юнайтед» командалары арасындағы ойынның бас төрешісі Денис Измайлов тағайындалды. Оған жергілікті төрешілер Элдияр Салыбаев пен Хусан Джалалдинов көмектеседі.

VAR төрешісі ретінде Бағдат Абдуллаев қызмет атқарса, Тимур Қумашев оның көмекшісі болады.