Ойын күнін қытайлық «Шанхай Порт» пен аустралиялық «Сентрал Кост Маринерс» арасындағы Шығыс конференциясының матчы ашады.

Бұл кездесуде қытайлық ұжым айқын фаворит болып саналады, дегенмен турнир кестесінде қарсыластар бір-біріне жақын орналасқан және екеуі де әлі жеңіссіз. «Порт» екі турда малайзиялық «Джохормен» тең ойнады (2:2) және корейлік «Пхохан Стилерске» (0:3) ірі есеппен ұтылды. 

Аустралиялық командаға келетін болсақ, «Маринерс» Чемпиондар лигасында екі матчта да жеңіліп қалды — тайландтық «Бурирам» (1:2) және қытайлық «Шаньдун» (1:3) жол берді.

«Шанхай Порт» пен «Сентрал Кост Маринерс» арасындағы матч қазақстандық уақыт бойынша сағат 15:00–де басталады, кездесуді Sport+ телеарнасы тікелей эфирде қол жетімді. Сонымен қатар ойынды sportplustv.kz сайтынан көруге болады.