Петропавлдық «Қызылжар» Бекзат Шадмановпен келісімшартты ұзартты, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Өткен маусымда Шадманов клубтың негізгі қорғаушыларының бірі болып, барлық жарыстарда 24 ойын өткізіп, бір нәтижелі пас берді.

Бекзат Шадманов – Тараз футбол мектебінің түлегі. Мансабын туған клубында бастаған. Сондай-ақ, «Қайсар» және «Байқоңыр» командаларында ойнады. 2023 жылдың басынан бастап «Қызылжар» сапында өнер көрсетеді.

Қорғаушы Қазақстан құрамасы үшін бір ойын өткізді – 2019 жылдың 21 ақпанында Молдоваға қарсы жолдостық кездесуде.