Семейлік «Елімай» Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Рамазан Оразовтың келісімшартын даниялық «Силькеборг» клубынан толықтай сатып алды, деп хабарлайды Sport+ клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өткен маусымда 27 жастағы футболшы даниялық клубтан ауысып, «Елімай» сапында жалға алу құқығымен өнер көрсетті. Чемпионаттың екінші бөлігінде Оразов алаңда 820 минут өткізіп, 2 гол соғып, 2 нәтижелі пас берді.

Маусым қорытындысы бойынша семейлік клуб басшылығы ойыншының трансферін толық сатып алу жөнінде шешім қабылдады. Рамазан Оразовтың «Елімаймен» жаңа келісімшарты алдағы маусымға есептелген.