«Әл-Наср» Азия чемпиондар лигасының аясында өз алаңында «Эстегляльді» 3:0 есебімен сенімді түрде жеңді, деп хабарлайды Sport+.  

Гол авторлары — Криштиану Роналду мен дубль жасаған Джон Дюран.  

Осылайша, Сауд Арабиясының клубы екі матчтың қорытындысы бойынша Азия Чемпиондар лигасының ширек финалына жолдама алды.