«Жетісу» командасының бас бапкері Қайрат Нұрдәулетов «Қайратпен» өткен ойынға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

«Ойын қиын болды. Осындай ойын күттік. «Қайраттың» «Ордабасымен» ойынынан кейін мықтылығы көрінді. 2 апта ішінде «Қайрат» ең мықты команда деген ойға келдім. Шабуыл жағы көңілден шыққан жоқ. Сондықтан өте қиын ойын болады деп ойлап, арнайы дайындалдық», - деді Нұрдәулетов.