«Ахмат» клубының қазақстандық шабуылшысы Максим Самородовтың басына қара бұлт үйірілуі мүмкін, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Ойыншыға агентімен келісімшартын бұзғаны үшін қомақты айыппұл төлеу қаупі төніп тұр.
«Мутко против» telegram-арнасының мәліметінше, Самородов агентіне ескертпестен, «Ахматпен» келісімге қол қойған. Келісімшартта оны бұзғаны үшін ойыншы 2 миллион еуро (1,58 миллиард теңге) төлейді деп көрсетілген.
Айта кетейік, 22 жастағы Самородов Ресейдің «Ахмат»клубына ауысты. Грозныйлықтар қазақстандық футболшы үшін «Ақтөбеге» бір миллион еуро төлеген.
