Қазақстандық семсерлесуші Артем Саркисян Аичи және Нагояда (Жапония) өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Отандасымыз ерлер арасында қылыштасудан жекелей жарыста жүлдеге ие болды.

Ширек финалда Саркисян Оңтүстік Корея өкілі До Гёндонды 15:14 есебімен жеңді. Ол командалық жарыста Олимпиада чемпионы.

Жартылай финалда Артем тағы бір оңтүстіккореялық семсерлесуші О Сан Укпен кездесті. Жекпе-жек қорытындысы бойынша қазақстандық спортшы қарсыласына 9:15 есебімен есе жіберіп, жекелей жарысты қола медальмен аяқтады.

О Сан Ук — үш дүркін Олимпиада чемпионы. 2024 жылы Парижде өткен Олимпиада ойындарында ол жекелей және командалық жарыста жеңіске жетсе, 2020 жылы Токиодағы Олимпиадада командалық бәсекеде топ жарған.