Қазан қаласында үлкен бокс кеші өтті.

Кештің басты жекпе-жегінде Қазақстан тумасы Сергей Липинец пен ресейлік Марк Уваров кездесті.

Жекпе-жек үшінші раундта аяқталды. Сергей Липинец қарсыласын нокаутқа түсіріп, жеңіске жетті.