Беларусиялық «Нафтан» клубының бас бапкері Игорь Криушенко соңғы күндері Қазақстанның «Қызылжар» клубын жаттықтыратын үміткерлердің бірі ретінде аталғаны туралы ақпаратқа түсініктеме берді, деп хабарлайды Sports+.

— Иә, жақында «Қызылжар» клубынан ұсыныс түскенін растаймын. Петропавлдық команданың маған назар аударғаны өте жағымды. Алайда мен «Нафтаннан» кетуді жоспарламаймын — келесі жылы да осы команданы жаттықтыруды жалғастырамын, — деді беларусьтік маман.

Айта кетейік, «Қызылжар» өткен маусымды Премьер-Лига турнирлік кестесінің тоғызыншы орнында аяқтады.