Токио Олимпиадасының қола жүлдегері, Дүниежүзілік ойындардың, Азия ойындарының және әлем чемпионатының жеңімпазы, каратэші София Берульцева Каирде өтіп жатқан әлем чемпионатының жартылай финалында Англия өкілі Рошель Уолтерсті 5:3 есебімен жеңді, деп хабарлайды Sport+.

30 қараша кешінде Берульцева алтын медаль үшін Германия спортшысы Йоханна Коленомен кездеседі.

Софияның алтын медаль үшін жекпе-жегін Sport+ телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.