Қазақстан Кубогының иегері «Тобыл» командасының УЕФА Еуропа лигасының бірінші іріктеу кезеңіндегі жорығы словакиялық «Ружемберокпен» бәсекелестіктен басталады.

Бірінші матч 11 шілдеде Словакияда өтеді. Ойынның басталуы елорда уақытымен 22:00–де.

Матчтың тікелей трансляциясы Sport Plus Qazaqstan телеарнасында, сондай-ақ sportplustv.kz сайтында қолжетімді болады.