24 қыркүйекте Қарағандыда әйелдер боксы бойынша «Мықтылар турнирі» атты жарысы басталады.

Турнирге еліміздің барлық өңірлерінен 70 боксшы қыздарымыз қатысады. Сондай-ақ, Қарағандыда Ресейден келген спортшылар өнер көрсетеді.

Жарыстың басты ерекшелігі — спортшылар дулығасыз өнер көрсетеді.

Қазақстан құрамасының жаттықтырушылар штабы старт қорытындысы бойынша Азия чемпионатына қатысуға құрамды қалыптастыру бойынша кадрлық шешімдер қабылдайды.

¼ финалдан бастап турнирді Sport Plus Qazaqstan телеарнасында, сондай-ақ sportplustv.kz сайтында тікелей эфирде көруге болады.

Ширек финалдық жекпе-жектер 25 қыркүйекте басталады.