Sport Plus Qazaqstan футболдан Түркия чемпионатының матчтары телеарнаның тікелей эфирінде қолжетімді болатынын хабарлайды.
Естеріңізге сала кетейік, Түркия чемпионатында Қазақстан құрамасының екі футболшысы өнер көрсетеді: Бақтиер Зайнутдинов («Бешикташ») және Абат Айымбетов («Адана Демирспор»).
Түрік Суперлигасының ойындары Sport Plus Qazaqstan телеарнасында, сонымен қатар sportplustv.kz сайтында тікелей эфирде қолжетімді болады.
