Португалияда өткен спорттық акробатикадан әлем чемпионатында Қазақстанның ұлттық құрамасы Дүниежүзілік ойындарға екі жолдама жеңіп алды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Спорттық жұп Даниэль Диль мен Вадим Шуляр, сондай-ақ аралас жұп Илларион Мацымоха мен Диана Высоцкая Қазақстанның намысын 4 жылда бір рет өтетін Дүниежүзілік ойындарда қорғауға мүмкіндік алды.
Дүниежүзілік ойындар 2025 жылдың 7-17 тамыз аралығында Қытайдың Чэнду қаласында өтеді.
