Түркия Суперлигасының көшбасшысы «Галатасарай» командасы біріншіліктің сегіз турында 7 рет жеңіске жетіп, бір рет тең ойнап, «Антальяспорға» қонаққа барады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Стамбулдық аяқдопшылар гол көп соғады, 8 матчта 24 доп. Сонымен қатар, қарсыласқа да аз гол мүмкіндік береді, бар болғаны 8 доп. Осылайша, екінші орындағы командадан төрт ұпайға алда келеді.
«Антальяспор» еншісінде сегіз ұпай, қазіргі уақытта турнир кестесінде 14 орында.
Көшбасшы осы жолын жалғастырар ма екен, оны 19 қазан 21:00де көреміз.
Тікелей эфир Sportplustv.kz сайтында.
