Шымкент қаласында өтіп жатқан нысана көздеу мен стенд атудан XVI Азия чемпионатында Қазақстан-1 командасы ақтық сынға жолдама алды, деп хабарлайды Sport+.

Стенд атудың скит жаттығуында тәжірибелі Анастасия Молчанова мен Эдуард Ещенко жұбы қосымша матчта Қытай-1 құрамасынан басым түсті.

Енді бүгін Астана уақытымен 16:30-да отандастарымыз Қытай-2 командасымен бас жүлдені сарапқа салады.