Бұған дейін «Астана» клубымен мен Қазақстан құрамасын жаттықтырған Станимир Стоиловтың «Гезтепесі» Түркия Суперлига аясында «Бешикташты» жеңіп, чемпионаттың басты сенсацияларының бірін жасады, деп хабарлайды Sport+.
Стамбулдықтар 9 минутта Семих Кылычсой добы мен автоголдың арқасында 2:0 есебімен алға шықты, бірақ одан әрі «Гезтепе» ойыншылары ғана гол соқты.
Бірінші таймда Малком Стокале мен Тахи Алтикардештің арқасында есеп теңесті. Матч соңында Дэвид Фофана мен Дэвид Тиянич есепті 4:2 жеткізді.
