Су добынан Қазақстан ерлер құрамасы Чжаоцин қаласындағы (Қытай) Азия чемпионатының ширек финалында Оңтүстік Кореядан 22:9 есебімен басым түсіп, жартылай финал жолдамасына ие болды, деп хабарлайды Sport+

 Қазақстан - Оңтүстік Корея   22:9

Гол авторлары: Рудай, Недоконцев; Бондаренко, Ахметов; Маркович, Пустовалов, Әкімбай; Цой, Шмидер.

1/2 финалда біздің ватерполшылар Жапония мен Гонконг командалары арасындағы ойынның жеңімпазымен кездеседі.

Ал, әйелдер құрамасы турнир қожайындарымен кездесіп, 6:21 есебімен ұтылып қалды. Қазақстан - Қытай  6:21

Гол атворлары: Воронцова; Цой, Аносова, Починок

Енді отандастарымыз Жапониямен, ал 2 наурыз күні Өзбекстанмен шеберлік байқасады. Азия чемпионатының финалына шыққан қос ұжым шілде айында Сингапурде өтетін әлем чемпионатына жолдама алады.