Польшаның Бельско-Бяла қаласында кадеттер, жасөспірімдер және жастар арасында өтіп жатқан каратэден әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Sport+.

Жасөспірімдер арасындағы кумитэ бағдарламасында 76 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қазақстандық Сұңқар Қанибек әлем чемпионы атанды.

Финалдық жекпе-жекте отандасымыз Шотландия өкілі Броди Калленді 4:0 есебімен сенімді түрде жеңді.

Осылайша, Сұңқар 2024 жылы дәл осы салмақ дәрежесінде әлем чемпионы атанған отандасы Әлихан Қадырғалидың жетістігін қайталады.

Сұңқар Қаныбек — Қызылорда каратэ мектебінің түлегі. Бұған дейін ол Фуджейра мен Гвадалахара қалаларында өткен Karate 1 — Youth League жастар лигасының турнирлерінде бірнеше мәрте жеңімпаз атанған.