Шымкентте жаңа стадионның іргетасын қалау рәсімі өтеді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Іргетасына алғашқы тас қалау рәсімі 28 маусым күні сағат 11:00-де Тұран – 2 шағынауданында өтеді. Салтанатты шараға қала әкімі Ғабит Сыздықбеков, футбол жұлдыздары мен танымал блогерлер және спорт жанкүйерлері қатысады.

35 мың адамға лайықталған жаңа аренаның аумағы – 21 гектар. Заманауи стадион қала тұрғындарының футболға деген қызығушылығын арттыра отырып, футболшылар мен жанкүйерлерге шабыт берері сөзсіз. Сондай-ақ, әлемдік додалар өткізуге мүмкіндік береді және туризмнің дамуына ықпал етеді.